Отандық гимнасттар Әлем кубогында қола жүлде еншіледі

Отандық гимнасттар Әлем кубогында қола жүлде еншіледі
Басқа

Спорттық акробатикадан әлем кубоктарының маусымы басталды. Португалияның Майя қаласында "ХІ ACRO World Cup" әлем кубогында қазақстандық спортшылар қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Құрамында Анатолий Пахандрин мен Санжар Садуов бар қазақстандық ерлер жұбы 28,430 ұпай жинап, 3-орынға ие болды. Айта кетейік, бұл жаттығуларда қазақстандық тағы бір жұп финалда өнер көрсетті. Назар Жантасов пен Айсұлтан Сағынбектің командасы 28,040 ұпай жинап, медальдан бір саты қалыс қалды.