Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасы рекордсмені атанды

Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасы рекордсмені атанды
Футбол

"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасы 1/8 финалының "РБ Лейпцигпен" болған екінші матчында мансабында тұңғыш рет пента-трик жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Шабуылшы Чемпиондар лигасы матчтарында 33 гол соққан. Ол бұл кқрсеткішке турнирдің басқа ойнышыларымен салыстырғанда әлдеқайда жылдам жетті. 33 гол соғу үшін Холандқа бар болғаны 25 матч қажет болды. 

Сонымен қатар норвегиялық футболшы Чемпиондар лигасы тарихындағы мұндай тарихи көрсеткішке қол жеткізген ең жас ойыншы атанды - 22 жас 236 күн.