Қазақстан құрамасының жеті ойыншысы ҚХЛ плей-оффының 1/4 финалында өнер көрсетеді
Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы кезеңі өз мәресіне жетіп, ширек финалға жолдама алған командалар белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Биыл Гагарин Кубогының ширек финалында төрт бірдей қазақстандық спортшы өнер көрсетеді.
Қорғаушылар Валерий Орехов пен Леонид Метальников мансаптарында тұңғыш рет Лиганың плей-офф кезеңі екінші айналымында ойнайды. Оған қоса, олар намысын қорғайтын “Адмирал” биыл өз тарихында тұңғыш рет плей-оффтың екінші кезеңіне шықты.
Тағы бір қорғаушы Даррен Диц ЦСКА-мен бірге Батыс, ал Кирилл Панюков “Ақ Барспен” Шығыс конференциясының финалына шығу үшін сынға түседі.
Павел Акользин мен Алексей Маклюков “Металлург” сапында, Виктор Сведберг “Авангардпен” бірге Шығыс конференциясының жартылай финалында өнер көрсетеді.
Гагарин Кубогы ширек финалы жұптары келесідей:
“Ақ Барс” (1) — “Адмирал” (7)
“Авангард” (3) — “Металлург” (5)
СКА (1) — “Торпедо” (4)
ЦСКА (2) — “Локомотив” (3)