"Ақылды болуы керек": Аңсар Шайхмедденов өзіне қандай арулар ұнайтынын айтты
Астаналық "Барыс" шабуылшысы Аңсар Шайхмедденов BasSport.kz сайтына берген сұхбатында өзінің талғамындағы арулар қандай болуы керектігін айтты.
"Ең бастысы, ақылды болуы керек. Өтірік айтпайын, бірінші кезекте қыздың келбетіне қарайсың. Көркі тартса, сөйлесіп, осының ар жағында не бар екен деп қарай бастайсың. Сені қалай түсінетініне, қалай қолдау көрсететініне қарайсың.
Маған мынадай қыз ұнайды деп кесіп айта алмаймын. Өйткені, бәрін уақытпен көресің.
Бірақ бала кезімде бойы ұзын қыз керек деп ойлайтынмын. Себебі, өзімнің бойым ұзын. Анамның, қарындастарымның да бойлары ұзын. Бойы жағынан өзіме сәйкес келетін әрі ақылды, нашар қылықтары жоқ қыздар ұнайды.
Оған қоса, қыздардың артымнан "жүгіргенін" ұнатпаймын. Адам ұнаса, оның көңілін тауып, оған өзім қол жеткізгім келеді.
Көп қыздар хоккейші болғаныма қарайды. Бірақ мұның бәрі мәңгілік емес. Өмірде әртүрлі жағдайлар болады, соның бәрінен бірге өтетінін адам керек деп ойлаймын", - деді Аңсар.