Шайбалы және допты хоккеймен қатар айналыстым - Аңсар Шайхмедденов

Шайбалы және допты хоккеймен қатар айналыстым - Аңсар Шайхмедденов
Хоккей

Астаналық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Аңсар Шайхмедденов BasSport.kz сайтына арнайы сұхбат берді. Спортшы сұхбатта шайбалы және допты хоккеймен қалай қатар айналысқаны туралы айтып берді. 

"6 жасымда 1 желтоқсан күні әкем екеуміз мұз сарайын барып, көрдік. Оралда арнайы секция болған жоқ, тек өзің ақша төлеп, әртүрлі жастағы балалармен ойнайсың. Арнайы бапкер де жоқ, коньки тебуді ешкім үйретпейді. Бәріне жаймен өзім үйрендім. Кешке қарай әкем екеуміз допты хоккей мұз айдынында жеке жаттығу жасайтынбыз. 

Бір күні шайбалы хоккейдің жаттығуына допты хоккеймен айналысатын бала келді. Оның әкесі менің допты хоккейдің жаттығуына келіп, ақтысып көруімді айтты. 

Ал допты хоккейде бәрі басқаша. Секция тегін, форма, ойын таяғы бәрі тегін. Допты хоккейдің бірінші жаттығуында 18 гол соқтым. Бапкерлер шақырды, сөйтіп жарыстарға қатыса бастадым. Ал шайбалы хоккейде жарыстарға қатысатын мүмкіндік болған жоқ.

Осылай, екі спортты қатар алып жүре бастадым. Таңертеңнен түскен дейін мектепте боламын, одан соң 1-2 сағат допты хоккейдің жаттығуы, содан кейін ағылшын тілі курсына, ал кешке шайбалы хоккейдің жаттығуына баратын едім", - деді шабуылшы. 

Еске салайық, Аңсар Шайхмедденов хоккеймен Оралда айналыса бастаған. 13 жасында Астанаға оқу-жаттығу жиындарына келген спортшы бапкерлердің көзіне түсіп, "Барыс" жүйесіне қабылданған.