Қазақстан құрамасының екі қорғаушысы Гагарин Кубогының жартылай финалында ойнайды

Қазақстан құрамасының екі қорғаушысы Гагарин Кубогының жартылай финалында ойнайды
Хоккей

Владивостоктың "Адмиралы" тарихында тұңғыш рет Гагарин Кубогы жарытлай финалында өнер көрсетеді. Леонид Тамбиев 16 наурыз күні "Ақ Барспен" басталатын матчтар сериясына қатысатын құрамды жариялады. Команда құрамында Қазақстан командасының екі қорғаушысы Валерий Орехов пен Леонид Метальников бар, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Адмирал" құрамы: 

Қақпашылар: Никита Серебряков, Александр Лазушин, Павел Хомченко;

Қорғаушылар: Евгений Лисовец, Либор Шулак, Ринат Валиев, Леонид Метальников, Колби Уильямс, Валерий Орехов, Динар Хамидуллин, Егор Рыков и Юрий Паутов;

Шабуылшылар: Антон Берлёв, Дмитрий Саюстов, Рудольф Червени, Николай Елисеев, Александр Горшков, Евгений Грачёв, Глеб Зырянов, Михал Криштоф, Данил Файзуллин, Николай Чебыкин, Александр Шевченко, Павел Шэн, Иван Емец, Даниил Гутик, Прохор Корбит, Дмитрий Сидляров, Артём Гареев и Игорь Тютюнников.

Еске салайық, "Адмирал" Шығыс конференциясы ширек финалында "Салават Юлаевты" жеңген болатын. Валерий Орехов пен Леонид Метальниковтың мансаптарында тұңғыш рет Гагарин Кубогы жартылай финалында өнер көрсететінін айта кетейік.