Канадалық теннисші ракеткасымен иегін жарып алды (фото)
Теннис
Әлемнің 10-ракеткасы Феликс Оже-Альяссим Индиан-Уэллсте өтіп жатқан жарыстағы матч кезінде иегін жарып алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Аргентиналық Франсиско Серундоломен кездесу барысында допты қабылдап жатқан кезде иегін абайсызда жарып алған спортшы медициналық тайм-аут алады. Бұл сәтте матчта 2:0 есебімен Оже-Альяссим алда тұрған. Осы үзіләсті өз пайдасына қолдана білген аргентиналық спортшы брейк-пойнтты жүзеге асырып, бірінші сеттегі есепті теңестіріп алды.
Әйтсе де, дәрігерлер жарасына көмек көрсеткеннен кейін канадалық теннисші кортқа қайта оралып, қарсыласын 7:5, 6:4 есебімен жеңіп кетті.


