Дэвис Кубогы: Александр Бублик Қазақстан құрамасының жарыс жолын бастайды

Дэвис Кубогы: Александр Бублик Қазақстан құрамасының жарыс жолын бастайды
Теннис

Қазақстан және Монако құрамалары. Сурет: ҚТФ

Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобы аясында 6-7 ақпан күндері Астанада өтетін Қазақстан мен Монако арасындағы плей-офф матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Алғашқы ойын күні, 6 ақпанда жарыс шымылдығын Қазақстан уақыты бойынша сағат 15.00-де әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен монаколық Уго Нис ашады. Содан кейін кортқа Александр Шевченко мен Валантен Вашро шығады.

Сенбіде үш матч өтеді деп жоспарланған. Beeline Arena ұлттық теннис орталығында алдымен Александр Шевченко – Бейбіт Жұқаев және Роман Арнеодо – Уго Нис жұптары ойнайды. Бұдан соң қос команданың көшбасшылары Александр Бублик пен Валантен Вашро шеберлік байқасады. Сосын ешқандай өзгеріс болмаса, Александр Шевченко мен Уго Нис доданы түйіндейді. Үш ойында жеңген команда жеңімпаз атанып, алдағы жылы болатын Дэвис кубогының іріктеу турына жолдама алады.