Александр Шевченко Дэвис Кубогында ірі есеппен жеңіліс тапты

Александр Шевченко Дэвис Кубогында ірі есеппен жеңіліс тапты
Теннис

Александр Шевченко. Сурет: Андрей Ударцев/ҚТФ

Дэвис Кубогы Бірінші әлемдік тобы плей-оффының Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы матчта Александр Шевченко ірі есеппен жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әлемдік рейтингіде 87-орында тұрған отандасымыз дүниежүзінің үздік отыздығына кіретін Валантен Вашероға қарсы ойнады. Монаколық теннисші кездесуді толығымен өз бақылауында ұстап, алғашқы алты геймде қатарынан жеңіске жетті - 0:6. Екінші сет те Вашероның пайдасына шешілді, бұл партияда Шевченко үш геймді өз есебіне жаза білді - 3:6. 

Осылайша, Қазақстан мен Монако құрамалары арасында есеп теңесті - 1:1. Енді ертең жұптық кездесу өтеді. Онда Александр Бублик - Бейбіт Жұқаев жұбы Роман Арнеодо мен Уго Ниске қарсы ойнайды. Содан кейін жекелей сында Александр Бублик Валантен Вашероға, ал Александр Шевченко Уго Ниске қарсы ойнайды.