Дзжюдодан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде 6 медаль жеңіп алды

Дзжюдодан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде 6 медаль жеңіп алды
Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өткен Еуропа кубогынде 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды bassport.kz.

Ел құрамасы Еуропа ашық кубогінде 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдеге ие болып, медаль кестесінде бесінші орынға тұрақтады. Қазақстан құрамасы сапынан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) жарыс жеңімпаздары атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Нұрсұлтан Ысқақов (60 кг), Еділ Ерболұлы (60 кг) мен Досбол Балғабай (81 кг) ел қоржынына үш қола жүлдені салды.
Аталған жарыс Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық додасы болып саналады.