Адам өлтірді деген күдікке ілінген хоккейші мәлімдеме жасады
Хоккей
Адам өлтірді деген күдікке ілінген ресейлік “Сочи” хоккейшісі Артем Иванюженков мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Спортшы команламен бірге оқу-жаттығу жиындарында екенін, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
“Достар, қайырлы күн, мен Артем Иванюженков. Желіде Подольскідегі бір мейрамханада қылмыс жасағаным туралы ақпарат тарады. Тексерілмеген ақпарат сенбеулеріңізді сұраймын, осымен үшінші күн Сочиде жаттығудамын”, - деді спортшы жазған бейнемәлімдемесінде.
Видеоны сілтемеден көруге болады.