Ресейлік хоккейшіге адам өлтірді деген айып тағылды
Хоккей
Ресейлік “Сочи” хоккей клубы шабуылшысы Артем Иванюженковке кісі өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
”112” Telegram арнасының хабарлауынша, Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Борис Иванюженковтің ұлы кафеде туған күнін атап өтіп жатқан 23 жастағы жігіттке қол жұмсаған. Оқиға орын алған жерде болғандардың Иванюженковтен басқасы тұтқындалған.
Қаза болған жігіттің өліміне хоккейшінің соққысы тікелей себепші болған көрінеді.