Cемейде дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды

Cемейде дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды
Дзюдо

Семейде дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Ел біріншілігінің жекелей сайысында медаль саны бойынша Абай облысы (3 алтын, 1 күміс) көш бастады. Ақтөбе облысы (2 алтын, 2 күміс) құрамасы екінші орыннан көрінсе, Қостанай облысының (2 алтын) жас дзюдошылары үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды  Bassport.kz.

Қазақстан чемпионатының соңғы жарыс күнінде 19 команда аралас-командалық жарыс бойынша үздікті анықтады. Нәтижесінде, Жамбыл облысының жас татами шеберлері қарсылас шақ келтірмей, аралас-командалық жарыстың жеңімпазы атанды.

Финалға шыққан Қарағанды облысы күмісті місе тұтса, Қостанай облысы мен Алматы қаласының құрамалары қола жүлдені өзара бөліп алды. 4 күнге созылған Қазақстан чемпионатына Астан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, еліміздің 16 облысынан барлығы 517 спортшы қатысты. «Абай-Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан ел біріншілігінің ашылу салтанатына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, дзюдодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев, Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов және Абай облысының дзюдо федерациясының президенті Әділ Медеуов қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Абай облысындағы дзюдо спортының даму қарқынын тілге тиек етіп, ел біріншілігін ұйымдастырушыларға алғысын айтты және жас дзюдошыларға сәттілік тіледі.

Абай облысы – Қазақстанға мықты дзюдошылар сыйлаған дзюдо мектебі құрылған өңір. Осы киелі жерден әлемдік аренада, Олимпиадада және әлем чемпионаттарында елдің намысын абыроймен қорғаған көптеген татами шеберлері шықты. Соңғы рет дәл осындай чемпионат Семейде 10 жыл бұрын өткізілген болатын, ал бүгінгі жарыстың нәтижесі бойынша озық шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан жастар құрамасына қосылады, - деді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев.

Дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жекелей сайыс нәтижелері

60 келі

1.Аман Бақытжан (Ақтөбе облысы)

2.Қуанышбек Көмеков (Маңғыстау облысы)

3.Ұлан Елеусізов (Астана)

3. Айбол Кузеев (Жетісу облысы)

66 келі

1.Бекасыл Бейсембаев (Абай облысы)

2.Әдәлет Жолекеш (Маңғыстау облысы)

3.Нұрсұлтан Жұбатқан (Маңғыстау облысы)

3. Арман Насыр (Алматы)

73 келі

1.Әділет Алмат (Ақтөбе облысы)

2.Досхан Жолжақсынова (Жетісу облысы)

3.Уәлихан Шайхистан (Ақмола облысы)

3.Акбар Алтай (Қызылорда облысы)

81 келі

1.Жалғас Қайролла (Абай облысы)

2.Нұржан Бисенов (Ақтөбе облысы)

3.Әділ Адуахатов (Астана)

3.Мирлан Максим (Маңғыстау облысы) 

90 келі

1. Құдірет Досымов (Шымкент)

2. Родион Пантелеев (Алматы)

3. Дархан Жүнісхан (Алматы)

3. Бижан Садуақасов (Павлодар облысы)

100 келі

1. Нұрлас Әмірханов (Алматы)

2. Мирас Бақтыбай (Шымкент)

3. Бейсенбек Наурызбай (Маңғыстау облысы)

3. Мақсат Махамадхашамұлы (Түркістан облысы)

+100 келі

1. Нұрсұлтан Қаблан (Қостанай облысы)

2. Жантілек Нұртілепұлы (Маңғыстау облысы)

3. Дінасыл Тәттімбет (Қарағанды облысы)

3. Дастан Баухан (Ақмола облысы)

Қыздар

48 келі

1.Ирина Дубовская (Жетісу облысы)

2.Аяулым Тұрдике (Жетісу облысы)

3.Тасним Абдуали (Шымкент)

3.Нұрайлым Сәрсенбек (Ұлытау облысы)

52 келі

1.Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)

2.Аяжан Мұхтарғали (Жетісу облысы)

3.Алима Жұмағалиева (Қарағанды облысы)

3.Аружан Ережепова (Алматы облысы) 

57 келі

1.Дана Абдирова (Атырау облысы)

2.Карина Каракенова (Абай облысы)

3.Алтынай Нұрханова (Павлодар облысы)

3.Ұлдана Үсейн (Шымкент) 

63 келі:

1.Самалай Ерғалиева (Қостанай облысы)

2.Гүлнұр Баханова (Ақтөбе облысы)

3.Ұлдана Таңжарықова (Жамбыл облысы)

3.Ақтоты Зәріп (Қызылорда облысы)

70 келі:

1.Ажар Асхат (Абай облысы)

2.Анастасия Морозова (Алматы)

3.Ақтолқын Қонысбек (Шымкент)

3.Әсемай Рүстемова (Қызылорда облысы) 

-78 келі

1. Диана Телбаева (Қарағанды облысы)

2. Анастасия Нагачевская (Алматы)

3. Әлия Хожаназарова (Маңғыстау облысы)

3. Шынар Абатова (Қызылорда облысы)

+78 келі

1.Карина Такиева (БҚО)

2. Толқын Тұрсынханова (Астана)

3. Наргиз Оразбекова (Астана)

3. Руслана Махатова (Қарағанды облысы)

Қазақстан Республикасының аралас-командалық чемпионатының нәтижесі

І орын – Жамбыл облысы

ІІ орын – Қарағанды облысы

ІІІ орын – Қостанай облысы, Алматы қаласы