Тбилисидегі Гранд-слэмге қатысатын құрам анықталды

Тбилисидегі Гранд-слэмге қатысатын құрам анықталды
Дзюдо

Грузия астанасы Тбилисиде 24-26 наурыз аралығында дзюдо күресінен Гранд-слэм турнирі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Аталмыш жарыста Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін), Толғанай Әбеуова, Гаухар Ирмағамбетова (екеуі де 52 келіге дейін), Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін), Есмигюль Куюлова ( 63 келіге дейін), Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы (екеуі де – 70 келіге дейін), Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова (екеуі де – 78 келіден жоғары) бақ сынайды.

Бұған дейін Ташкенттегі Гранд-слэмнен екі күміс медаль еншілгенбіз.