Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды
Жекпе-жек

Белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандық спортшының қарсыласы АҚШ өкілі Нейт Мэнесс болмақ.

Жекпе-жек 6-мамыр күні Ньюарктегі (Нью-Джерси штаты) UFC 288 турнирінде өтеді деп күтіліп отыр. Мэнесс кәсіби мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңіске жеткен және үш мәрте қарсыласына есе жіберген.

Еске сала кетейік, 34 жастағы Жалғас Жұмағұлов ережесіз жекпе-жектен америкалық UFC лигасында өнер көрсетеді. Ол алты кездесу өткізіп, тек біреуінде жеңіске жеткен.