Маусымда 10 ойын өткізген легионер келесі маусымда “Барыста” қалмақшы

Маусымда 10 ойын өткізген легионер келесі маусымда “Барыста” қалмақшы
Хоккей

”Трансферы КХЛ” Telegram арнасында “Барыс” легионерлері Джереми Бракко мен Макйл Шапюдің клубтағы болашақтарына қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Шабуылшылар Джереми Бракко мен Майкл Шапю мансаптарын “Барыста” жалғастыруы әбден мүмкін. 

Бракко келісімшарты бойынша “Барыста” жылына 22 млн рубль жалақы алатын. Ал Майко Шапюдің жылдық жалақысы - 26 млн”, - деп жазылған дереккөз ақпаратында. 

ҚХЛ 2022/2023 жылдар маусымында Джереми Бракко 59 ойында 40 (10+26) ұпай жинаса, Майкл Шапю 10 матчқа қатысып 3 (3+0) ұпай еншілеген.