Қазақстан чемпионаты плей-оффының барлық жартылай финалистері анықталды

Қазақстан чемпионаты плей-оффының барлық жартылай финалистері анықталды
Хоккей

Хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңі ширек финалынан кейін, келесі кезеңге шыққан барлық командалар айқындалып, жартылай финал сериялары жұптары анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

1/2 финалда “Сарыарқа” мен астаналық “Номад” финал жолдамасы үшін таласса, келесі бір серияда ташкенттік “Хумо” мен атыраулық “Бейбарыс” кім мықтыны анықтайды.

Ел біріншілігінің жартылай финалы ертең, 10 наурыз күні басталады.