Карло Анчелотти "Реалдан" кетуі мүмкін

Карло Анчелотти
Футбол

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти клуб биыл ешқандай кубок жеңіп алмаса, қызметінен кетеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"The Athletic" басылымының жазуынша, жазда бапкер команданы күшейте түсу керек екенін айтқан. Алайда "Реал басшылығы бұл пікірмен келіспеген. 

63 жастағы маман "Реалдың" жазда ойыншылар үшін көп шығындалмауының себебін де білетін көрінеді. Анчелотти клуб биыл ешқандай кубок жеңіп алмаса, бапкерлік қызметінен кететінін біледі. 

"Реал" Испания Суперкубогы үшін болған матчта "Барселонадан" жеңілді және каталониялық клубтан Испания кубогы жартылай финалында жеңіліп қалды. Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Анчелотти шәкірттері "Ливерпульді" 5:2 есебімен жеңді.