Батырлан Мұратов: "Ұсыныстар болды, бірақ өз елімді таңдадым"

Батырлан Мұратов:
Хоккей

Астаналық "Номад" хоккей клубының шабуылшысы Батырлан Мұратов "Диванный хоккей" подкастында мансабын Финляндияда әрі қарай жалғастыру үшін неліктен қалмағанын айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Финляндияда келісімшарт алғашында бір жылға жасалады. Гол соғып, нәтижелі ойны көрсете бастағаннан кейін, маған екінші жылға келісімшарт ұсынды. Бірақ мен бас тарттым.

Одан бөлек, Бірінші лиганың төрт командасы мені өз клубтарына шақыртты. Бірақ келісімшартым оларға ауысуға мүмкіндік бермеді. 

Ұсыныстарға қарамастан, Қазақстанды, өз елімді таңдап, қайта оралдым. Оның ішінде "Барыста" өнер көрсетуді таңдадым", - деді батрылан Мұратов.

Еске салайық, Батырлан Мұратов 2021/2022 жылдар маусымында Финляндияның екінші лигасында өнер көрсетіп, үздік шабуылшылардың ьбірі атанған болатын.