Камила Берліқаш қытайлық қарсыласынан иппонмен жеңілді

Камила Берліқаш қытайлық қарсыласынан иппонмен жеңілді
Дзюдо

Дзюдодан Ташкенттегі Grand Slam турнирі қазақстандық спортшылар үшін аяқталды. Ең соңғы болып жүлдеге таласқан Камила Берліқаш әккі қарсыласына жол берді, деп жазады Bassport.kz. 

78 келіден жоғары салмақта сынға түскен Камила турнир барысында Өзбекстан балуанын жеңіп, грузиялық қарсыласына есе жіберген. 

Жұбаныш белдесуінде ол италиялық Элеонора Джериді ұтты.

Өкінішке қарай, қола медаль үшін күресте қытайлық Су Ксиннен "иппон" ұпайымен жеңіліп тапты. 

Ташкенттегі турнирде қазақстандық дзюдошылар екі күміс жеңіп алды. Алдымен Нұрқанат Серікбаев (60 келі), кейін Данияр Шамшаев (73 келі) финалда ұтылған болатын.