Ташкенттегі Grand Slam: Нұрлыхан Шархан қола медаль үшін күресте ұтылып қалды

Ташкенттегі Grand Slam: Нұрлыхан Шархан қола медаль үшін күресте ұтылып қалды
Дзюдо

Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Шархан Нұрлыхан жүлдеге бір қадам жерден тоқтады, деп жазады Bassport.kz.

Шархан алдымен Куба және Оңтүстік Корея балуандарын жеңіп, топтағы шешуші белдесуде болашақ чемпион, грузиялық Варлам Липартелианиден ұтылды. 

Жұбаныш белдесуінде қазақстандық спортшы венгриялық Вег Цомберді ұтқан. Бірақ қола медаль үшін өткен күресте Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Джафар Костоевтан жеңілді. Осылайша, жарысты бесінші орынмен аяқтады. 

Ал осы салмақта күрескен тағы бір дзюдошымыз Бекарыс Сәдуақас жұбаныш белдесуінде швейцариялық балуанға есе жіберді.