Қазақстанда туған ҰХЛ қақпашысы келесі маусымда ҚХЛ-да өнер көрсетеді

Қазақстанда туған ҰХЛ қақпашысы келесі маусымда ҚХЛ-да өнер көрсетеді
Хоккей

“Чикаго Блэкхокс” қақпашысы Антон Худобин келесі маусымда Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Даллас Старз” командасы 2022 жылдың қазан айының басында 36 жастағы қақпашыны бас тарту драфтына жіберген. Бірақ ешқандай команда ойыншыны шақыртпағандықтан, ол АХЛ-дағы “Техас Старз” ұжымы сапына қосылды. Ол - “Даллас Старздың” фарм-клубы. Осыдан тура бір жыл бұрын, яғни наурыз айында қақпашы беліне ота жасатты. Ал 3 наурыз күні Худобиннің “Чикагоға” ауысқаны туралы белгілі болды. Оның маусымдық жалақысы - 3.33 млн $. Оның клубпен жасасқан келісімшарты осы маусымның соңында аяқталады. Жалпы, Антон Худобин ҰХЛ-да 259 матч өткізген.

2019-2020 жылдар маусымында Стэнли Кубогы финалында өнер көрсеттә. 

Айта кетейік, Антон Худобин Өскеменде туған.

Дереккөз: Чемпионат.com