ҚХЛ плей-офф кезеңінде жаңа рекорд тіркелді

Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңі алғашқы айналымында жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Мәскеулік ЦСКА мен "Северсталь" арасында өткен екінші кездесуде Андрей Разин шәкірттері екінші овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осы матчтан кейін Лига тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңі сегіз жұбы серияларының алғашқы екі ойынынан кейін командалардың бәрінің еншісінде бір жеңістен бар екені белгілі болды.
"Авангард" - "Сібір" - 1:1
"Автомобилист" - "Металлург" - 1-1
"Торпедо" - "Динамо" (Мәскеу) " - 1-1
ЦСКА - "Северсталь" - 1-1
"Ак Барс" - "Нефтехимик" - 1-1
"Салават Юлаев" - "Адмирал" - 1-1
СКА - "Динамо" (Минск) - 1-1
"Локомотив" - "Витязь" - 1-1
Одан бөлек, ҚХЛ тарихында алғаш рет плей-офф кезеңі алғашқы айналымының барлық жұптарында жеңімпазды анықтау үшін бесінші матч қажет болады.