“Барыс” шабуылшысы маусымның үздік голдарының бірін соқты

“Барыс” шабуылшысы маусымның үздік голдарының бірін соқты
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы 2022/2023 жылдар маусымы тұрақты маусымының үздік голдарын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұл тізімде “Барыс” шабуылшысы Никита Михайлистің “Трактор” қақпасына соққан шайбасы жетінші орын алды. Ол “Барыс” аймағынан шайбаны өзі алып шығып, оған қоса қарсылас команда ойыншыларын алдап, қақпаны айналып өтіп барып, шайбаны қақпаның бос бұрышына сала білді.