Нұрқанат Серікбаев әлем чемпионын жеңіп, финалға шықты

Нұрқанат Серікбаев әлем чемпионын жеңіп, финалға шықты
Дзюдо

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық жас спортшы Нұрқанат Серікбаев финалға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Нұрқанат жартылай финалда 2019 жылғы әлем чемпионы, грузиялық Лухуми Чхвимианимен белдескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте Серікбаев "ваззари" ұпайын еншілеп, жеңіске жетті. 

60 келі салмақтағы финалда Нұрқанат Серікбаев Оңтүстік Корея өкілі, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Ким Вон Джинмен кездеседі.