Дзюдодан Grand Slam додасы: Нұрқанат Серікбай жартылай финалға шықты

Дзюдодан Grand Slam додасы: Нұрқанат Серікбай жартылай финалға шықты
Дзюдо

Бүгін Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі басталып, қазақстандық балуандар татамиге шықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

60 келідегі Нұрқанат Серікбай турнирдің жартылай финалында күреседі. Ол жарыс барысында Сауд Арабиясы, Әзірбайжан және Өзбекстан балуандарын ұтты. 

Жартылай финалда Нұрқанат грузиялық әлем чемпионы Лухуми Чхвимианимен белдеседі. 

Бұдан бөлек татамиге шыққан балуандарымыздың барлығы ұтылды. 48 келідегі Ғалия Тынбаева, 60 келідегі Мерей Марханбетов, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен Есет Қуановтар турнирді аяқтады.