“Реал” “Барселонадан” мықтырақ болды - Модрич

“Реал” “Барселонадан” мықтырақ болды - Модрич
Футбол

Мадридтік “Реалдың” жартылай қорғаушысы Лука Модрич Испания кубогы жартылай финалында “Барселонаға” қарсы болған алғашқы матчты (0:1) қорытындылады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Бүгін жақсы ойнадық. Шабуылда сәттілік жетіспеді, бірнеше жақсы мүмкіндіктер болды. Айтарлықтай жақсы ойнадық. Қарымта матчта жеңіске жетуге тырысу керек. 

“Барселона” - жақсы команда. Гол соғу үшін мүмкіндіктеріміз болды, өзіміз жүзеге асыра алмадық. Жағдайды өзгерте алатынымызға сенемін”, - деді Лука Модрич деп жазады “AS.com” сайты.

Командалар арасындағы қарымта матч 15 сәуір күні “Камп Ноуда” өтеді.