Пара жеңіл атлетикадан ел қоржынына тағы екі жүлде түсті
Басқа
Пара жеңіл атлетикадан Дубайда өткен әлемдік Гран-При сериясында ел қоржынына тағы екі жүлде түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында F-46 классында ядро лақтырудан сынға түскен қазақстандық Равиль Мансурбаев жеңіске жетті. Ол ядроны 14,43 метрге лақтырып, бірінші орыннан көрінді. Ал қытайлық қарсыласы Уей Енлонг 14,28 м нәтижесімен екінші орынды иеленсе, 13,39 м нәтижесімен кувейттік спортшы Алсалах Абдуллах үшінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, осы ядро лақтырудан Дастан Мұқашбеков Гран-Придің күміс жүлдесін иеленді. Бұл ел қоржынына түскен үішнші медаль.
Бұған дейін найза лақтырудан Руфат Хабибуллиннің жарыс жеңімпазы атанғанын хабарлаған болатынбыз.