Қыз зорлады деген "ПСЖ" қорғаушысының әйелі ажырасуға ниет білдірді

Қыз зорлады деген
Футбол

Испаниялық актриса Хиба Абук "ПСЖ" футбол клубының марокколық қорғаушысы Ашраф Хакимимен ажырасу процесін бастады. Қорғаушы өткен аптада жас қызды зорлады деген күдікке ілінген болатын, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "El Cierre Digital" сілтеме жасап.

Алайда жұптың айырылысуына соңғы жаңалықтар себеп болмаған. Абук пен Хакими арасындағы ажырасу процесі бірнеше апта бұрын басталып кеткен. Олардың өмірге деген көзқарастары сәйкес келмейтін көрінеді, сондықтан екеуі жолдарын айыруды жөн деп шешкен екен.

27 ақпан күні өткен ФИФА салтанатты марапаттау шарасына да Хакими жалғыз келген. Бұдан да екеуінің арасында түсініспеушіліктер бар екенін байқауға болады.

Еске салайық, 26 ақпан күні Хакимиге қыз зорлады деген айып тағылған. Ал футболшының адвокаты бұны жоққа шығарған болатын.