ҚХЛ плей-офф кезеңінде алғаш рет бірегей нәтиже тіркелді

ҚХЛ плей-офф кезеңінде алғаш рет бірегей нәтиже тіркелді
Хоккей

Кеше, 1 наурыз күні ҚХЛ-да 2022/2023 жылдар маусымы плей-офф кезеңі басталды. Гагарин Кубогы үшін таластың алғашқы күнінде ҚХЛ тарихында алғаш рет турнирлік кестеде төмен орналасқан төрт команда бірдей плей-офф сериясы алғашқы ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Уфада өткен кездесуде “Адмирал” овертаймда “Салават Юлаевты” жеңді - 2:1. Алғашқы раундқа қарсыласы “Локомотив” болған “Витязь” де овертаймда қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Минскілік “Динамо” айды аспанға бір-ақ шығарып, тұрақты маусымның үздік командасы СКА-ны 6:4 есебімен жеңіп кетті. Ойын күнінің соңғы матчында Шығыс конференциясы үздігі “Ақ  Барс” “Нефтехимиктен” овертаймда жеңілді - 2:3. 

2008/2009, 2009/2010, 2012/2013 және 2015/2016 жылдар маусымдарында турнирлік кестеде төмен орналасқан командалар үш жеңіске шол жеткізген екен. 

Бүгін, 2 наурызда ЦСКА - “Северсталь”, “Торпедо” - “Динамо” Мәскеу, “Авангард” - “Сібір”, “Автомобилист” - “Металлург” жұптарының алғашқы матчтары өтеді.