Хакимиге зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды
“ПСЖ” мен Марокко ұлттық құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими қызға зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылып, футболшыға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі “Le Parisien” басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, 23 жастағы қыз демалыс күндері Хакимидің оған зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып, полицияға шағым түсірген. Бірақ ол футболшының үстіне арыз жазудан бас тартқан, тек оның зорлық көрсеткенін хабарлағысы келгенін айтқан. Прокуратура бұл істе өз мойнына алған. Тергеушілер қыздың айтқан ақпараты негізінде жұмыс істеуді бастаған.
16 қаңтар күні Хакими мен шағым түсірген қыз әлеуметтік желіде сөйлесе бастаған. Ал 25 ақпан күнә футболшы оны үйіне шақырған көрінеді.
Сонымен қатар, өткен аптаның демалысында Хакимидің әйелі мен екі баласы Дубайда болған деп хабарланды.