Бір аяғы жоқ футболшы жылдың үздік голының авторы атанды

Бір аяғы жоқ футболшы жылдың үздік голының авторы атанды
Футбол

Сол аяғы жоқ польшалық футболшы Марцин Олекси жылдың үздік голын соққаны үшін Пушкаш жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл жүлдеге Димитри Пайет (“Марсель”, Франция), Ришарлисон (Бразия құрамасы, “Тоттенхэм”) да үміткер болған. 

Олексидің маусым айында қарсылас қақпасына соққан голы үздік деп танылды. 

Футболшы мүгедектігі бар адамдар арасында 2022 жылғы әлем чемпионатында Аольша ұлттық құрамасының намысын қорғап, команданың 1/8 финалға шығуына көмектескен.