"Енді оларды тұншықтырып тастайды": Отандық боксшы қыз Сәпиевпен төбелескен балуанды қолдады

Бокс
Күрес

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова көпшіліктен кешірім сұрап, видеожазба таратқан балуан Зелимхан Мусиханов пен оның бапкері Александр Гольцманға қолдау көрсетті, деп жазады Bassport.kz. 

Айта кетелік, Алматыдағы жолдастық кездесулердің бірінде Мусиханов пен Сапиев арасында кикілжің болған еді. Бүгін спортшы мен бапкерінің халықтан кешірім сұраған видеосы жарияланды. Бұл боксшы қызға ұнамаған. 

"Қараңдаршы, олар қателік жасаған мектеп оқушылары сияқты кешірім сұрауда. Енді оларды тұншықтырып тастайды. Бұған пікір білдіргім келмеген, бірақ бұған қарау мүмкін емес. Әрбір пабликте Серікті мақтап жатыр, ал бұл балалар бір "оңбағандар" сияқты" , - деп жазды Сатыбалдинова.