“Барселона” күтпеген жерден “Альмериядан” жеңіліп қалды

“Барселона” күтпеген жерден “Альмериядан” жеңіліп қалды
Футбол

Ла Лиганың 23-тур ойындары аясында “Альмерия” өз алаңында “Барселонаны” қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бірінші таймда Хави шәкірттері ойын уақытының 70%-ында допқа иелік еткеніне қарамастан, команда өз қақпасына гол жіберіп алды. Луис Суарестен пас алған, шабуылшы Эль Билал Тур қақпашымен бетпе-бет шығып, гол авторы атанды. Екінші таймда “Барселона” футболшылары есепті теңестіре алған жоқ.

“Барселона” жеңіліс тапса да, турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Ал “Альмерия” 15-орынға көтерілді.