Қазақстан құрамасы сахалықтарды ойсырата жеңді
Хоккей
Хоккейден 15 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы “Азия балалары” халықаралық жарысындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Топтағы екінші ойынын Саха Республикасына қарсы өткізген ұлттық құрама қарсыласына 11 шайба соғып, өз қақпасына бірде-бір гол жібермей жеңіске жетті.
Енді Георгий Верещагин шәкірттері Кузбасс командасымен сынға түседі.