Қазақстан құрамасының "Азия балалары" турниріндегі матчтар кестесі белгілі болды
Хоккей
Бүгін Ресей Федерациясының Новокузнецк қаласында ІІ қысқы "Азия балалары" Халықаралық спорттық ойындары басталады. Жарыстың хоккей турнирінде Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы өнер көрсетеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Назарларыңызға Қазақстан жасөспірімдер құрамасының матчтар кестесін ұсынамыз:
25 ақпан. 16:15. Қазақстан - Қиыр Шығыс ФО
26 ақпан. 18:30. Қазақстан - Якутия
28 ақпан. 19:15. Кузбасс - Қазақстан
"Азия балалары" жарысы 5 наурызға дейін жалғасады. Ал 1 наурыз күні бесінші орын үшін матч өтеді, ол сағат 21:00-де басталады. 2-3 наурыз күндері жарытлай финалдық матчтар, үшінші орын үшін ойын мен финал өтеді.
*Матчтардың басталуы Астана уақытымен көрсетілген.