"Сарыарқа" "Құлагерге" сегіз гол соғып, жеңіске жетті

Хоккей

Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңі 1/4 финалының үшінші матчында “Сарыарқа” петропавлдық “Құлагердің қақпасына сегіз гол соғып, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Осы матчтан соң Петерис Скудра шәкірттері жартылай финалға шығуға бір табан жақын қалды. 

Сондай-ақ, плей-оффтың үшінші ойынында Александр Шин хет-трик авторы атанды. 

“Құлагер” (Петропавл) - “Сарыарқа” (Қарағанды) - 4:8 (3:3, 1:3, 0:2)

0:1 - 04:41 - Шин (Пархоменко, Шапорев) СБШ

1:1 - 06:29 - Волков (Лызин, Пылаев) СБШ

2:1 - 13:07 - Волков

2:2 - 14:10 - Сайко (Твердохлебов)

2:3 - 17:49 - Шин (Дёмин, Данияр)

3:3 - 18:29 - Камбулов (Рыжих, Старцев)

4:3 - 24:02 - Пылаев (Кузнецов)

4:4 - 26:02 - Шин (Данияр, Огиенко)

4:5 - 28:27 - Данияр (Дёмин, Огиенко) 

4:6 - 38:00 - Сайко (Дёмин, Анисимов)

4:7 - 53:01 - Пархоменко

4:8 - 59:40 - Борисов (Двуреченский, Дёмин)

Қақпашылар: Хозяшев - Микушин 

Сериядағы есеп: “Сарыарқа” - “Құлагер” - 3:0 (3:1, 4:3, 8:4)