Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының плей-офф жұптары анықталды

Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының плей-офф жұптары анықталды
Хоккей

Хоккейден жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты тұрақты маусымының соғы ойын күнінен кейін плей-офф кезеңі алғашқы айналымының барлық қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Тұрақты чемпионат қорытындысында бірінші орын алған "Барыс" ширек финалда "Алматымен" (8) кездеседі. "Ақтөбе" (2) мен "Астана" (7) өзара кім мықтыны анықтаса, жарытлай финалдың тағы екі жолдамасына "Құлагер" (3) мен "Торпедо" (6), "Ястребы" (4) және "Жас Батыр" (5) командалары таласады. 

Плей-офф алғашқы кезеңінің барлық сериялары бір команда үш жеңіске қол жеткізгенге дейін жалғасады. 

"Құлагер" командасының өз тарихында тұңғыш рет плей-оффта өнер көрсететінін айта кету керек. Ал жаңадан құрылған "Жас Батыр" өзінің алғашқы маусымында-ақ чемпионаттың шешуші кезеңінде өнер көрсетеді.