Мұхаммед Әлидің немересі қыз құтқарып, марапат алды
Бокс
Бокстың аңызға айналған тұлғасы Мұхаммед Әлидің Лас-Вегастағы түнгі клубтардың бірінде жұмыс істейтін немересі Бьяджо Әли Уолш қызды бөгде адамдардың шабуыл жасауынан құтқарып қалған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Осы әрекеті үшін оған алғыс хат табысталыпты.
24 жастағы Әли Уолш өткен жылдың қараша айында Кәсіби жекпе-жек лигасымен келісімшартқа отырған. Осы промоушендегі дебюттік жекпе-жегінде ол қарсыласын бір минуттан аз уақытта нокаутпен жеңген.
Сол жеңісіне жетпестен екі апта бұрын түнгі клубта кезекші болған Уолш бейтаныс ер адамның бір әйелді ертіп бара жатқанын көрген. Содан соң ол қызды құтқарып, осы әрекеті үшін марапатқа лайық деп танылған.
Дереккөз: "Mirror" басылымы.