Дзюдодан Ташкенттегі Grand Slam-ге қатысатын спортшылардың есімі белгілі болды

Дзюдодан Ташкенттегі Grand Slam-ге қатысатын спортшылардың есімі белгілі болды
Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкенттегі Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Үлкен дулыға жарысының кезекті сайысы 3-5 наурыз күндері Өзбекстанда өтеді. Бұл турнирде ел намысын 24 дзюдошымыз қорғайды. 

Қазақстан ерлер құрамасы: Мерей Марханбетов (60 келі), Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Есет Қуанов (66 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Дархан Қойбағар (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (-81 келі), Мұхаммедәлі Мавлидов (90 келі), Айдар Арапов (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Бекарыс Сәдуақас (100 келі), Ғалымжан Қырықбай (+100 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі). 

Қазақстан әйелдер құрамасы: Ғалия Тынбаева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Балнұр Әбдешова (52 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Балнұр Құрманбай (57 келі), Мөлдір Нарынова (63 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі), Назерке Тілеуханова (78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі), Ақерке Рамазанова (+78 келі).