Бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялағандардың қатарына тағы бір мемлекет қосылды
Бокс
2023 жылғы бокстан әлем чемпионатында Ресей мен Беларусь спортшылары өз туының астында өнер көрсетуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұған дейін АҚШ, Канада, Ұлыбритани және Польша сынды елдер әлем біріншілігіне бойкот жариялаған. Енді бұл тізімге Швейцария елі де қосылды.
Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте, әйелдер арасындағы дода Делиде өтетінін еске салайық.