“Барселона” Ла Лиганың рекордын жаңартты

Футбол
Кеше, 19 ақпан күні “Барселона” Ла Лиганың 22-тур ойындары аясында өз алаңында “Кадисті” қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Команда чемпионаттағы 22 матчтың тек бесеуінде ғана өз қақпасына гол жіберген. Осылайша, “Барселона” 1993-1994 жылдар маусымындағы “Депортиво” рекордын жаңартты. Ол кезде “Депортиво” 16 ойында қарсыластарына өз қақпасының кілтін табуға мүмкіндік бермеген.