“Азия балаларына” қатысатын хоккейшілердің есімі белгілі болды

“Азия балаларына” қатысатын хоккейшілердің есімі белгілі болды
Хоккей

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы “Азия балалары” Халықаралық ойындарына қатысады. Құрама команланың бапкерлері турнирде ел намысын қорғайтын хоккейшілердің есімін атады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ойыншыларының көп бөлігін “Барыс-2007” командасының хоккейшілері құрап отыр. Сондай-ақ, бапкерлер өзге командаларда өнер көрсетіп жүрген спортшыларды да ұлттық құрама сапына шақыртты. 

Қақпашылар: Данай Шайиков (“Авангард”, Омбы), Тәңірхан Алпысбаев (“Барыс”, Астана)

Қорғаушылар: Раты Дурглишвили (“Салават Юлаев, Уфа), Санжар Ибрагим, Алдияр Қалелхан, Никита Ломако, Даниил Медведев, Арғын Мұқашев (барлығы - “Барыс”, Астана), Никита Сидоренко (“СКА-Юность, Екатеринбург).

Шабуылшылар: Әмір Алпқарин, Әлихан Бақыт, Әділхан Беккерев, Даниил Дронов, Давид Карапетян, Русланбек Кәрім, Бексұлтан Мақыш, Тимур Миндубаев, Айтуар Нұржанов, Әлішер Сәркенов, Александр Симахин (барлығы - “Барыс”), Корней Корнеев (“Авангард”, Омбы), Артур Глухих (“Торпедо”, Өскемен).

Бас бапкер: Георгий Верещагин

Бапкер: Даниил Лысый.