Хоккейден Қазақстан құрамасы “Азия балалары” жарысына қатысады
Хоккей
23 ақпан мен 5 наурыз аралығында Ресейдің Кемерево облысында ІІ қысқы “Азия балалары” қысқы ойындары өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарыста ел намысын хоккейден Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жастар құрамасы қорғайды. Қазір ұлттық құрама “Барыс-Аренада” оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Ал турнирдегі алғашқы матч 25 ақпан күні болады. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы І дивизионның А тобында Кузбасс, Саха Республикасы және Қиыр Шығыс ФО командаларымен сынға түседі.
Жас хоккейшілерді Ресейге Георгий Верещагин бастап барады.