“Барыс” кезекті кездесуін “Авангардқа” қарсы өткізеді

“Барыс” кезекті кездесуін “Авангардқа” қарсы өткізеді
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында “Барыс” сырт айдындағы матчтар сериясын омбылық “Авангардқа” қарсы болатын кездесумен жалғайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Астаналық команда соңғы ойынын қытайлық “Куньлунь Ред Стар” командасына қарсы өткізіп, овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Команда құрамынан Линден Вей мен Никита Михайлис нәтижелі соққыларымен көзге түскен.

Ал “Авангард” болса, соңғы матчта плей-офф үшін талас жүргізіп жатқан “Нефтехимикпен” кездесіп, овертаймда 2:1 есебімен жеңіске қол жеткізген. 

Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады. Оның тікелей көрсетілімін сайтымыздың “Трансляциялар” бөлімінен көруге болады.

Olimpbet бұл матчта “Барыс” жеңеді дегенге 2.93, омбылық клуб жеңіске жетеді дегенге 1.4 коэффициент ұсынып отыр.