Швеция хоккей федерациясының басшысы Фазельдің азаматтығын ауыстыруына қатысты пікір айтты
Хоккей
Швеция хоккей федерациясының президенті, IIHF кеңесінің мүшесі Андерс Ларрсон Рене Фазельдің Ресей азаматтығын алуына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Өте қызық әрі таңғаларлық жағдай. Швеция хоккей федерациясындағы бірнеше әріптесіміз хабарласты, бірақ келесі заңды қадам - тәртіп комитетінің шешімін күту. Қазіргі жағдайларды есепке алғанда, бұған қатты таңғалдым.
Ашуыңа тиіп, көңіл күйіңді түсіретін нәрселер туралы көп айтуға болады. Бірақ бірінші кезекте мұндай жағдайдың болғанының өзі қызық.
Фазельді қатардан шығармаса, ХШХФ-нан кетем бе? Шешімді сол уақыттағы жағдайға қарай қабылдағанды жөн көремін”, - деді Ларрсон деп жазады “Aftonbladet”.
Рене Фазель 1994-2021 жылдар аралығында Халықаралық хоккей федерациясы президенті қызметін атқарды. Ол 2022 жылдың қаңтарында Ресей азаматтығын алған. Ал ақпанда ресейлік бір компанияның 54% акциясының иегері атанған.