Халықаралық хоккей федерациясының экс-президенті Ресей азаматтығын алды
Хоккей
Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) экс-президенті Рене Фазель 2022 жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясы азаматтығын алған, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “ТАСС” агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, ол азаматтығын ауыстырып қана қоймаған. 10 ақпан күні оның иелегіне “Алма холдинг” компаниясы акцияларының 54%-ы өткен.
Рене Фазель 1994-2021 жылдар аралығында Халықаралық хоккей федерациясын басқарғанын айта кетейік.