“Барыс” минскілік “Динамоны” қабылдайды

“Барыс” минскілік “Динамоны” қабылдайды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында астаналық “Барыс” бүгін өз айдынында минскілік “Динамоны” қабылдайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Соңғы ойынында елордалық ұжым СКА-дан 4:6 есебімен жеңілген. Қазір команда Шығыс конференциясында ең соңғы, 11-орында тұр. 

Ал минскілік “Динамо” болса, өткен ойында омбылық “Авангардтан” 2:4 есебімен ұтылған. Бүгінде Крэйг Вудкрофт шәкірттері 63 ұпаймен Батыс конференциясының плей-офф сегіздігін түйіндеп тұр. 

Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады, әдеттегідей оның тікелей көрсетілімін BasSport.kz сайты ұсынады. 

Olimpbet бұл матчта "Барыс" жеңеді дегенге 1.77, "Динамо" Минск жеңеді дегенге 2.03 коэффициент ұсынып отыр.