Илон Маск “Манчестер Юнайтедті” сатып алуды қарастырып отыр
Футбол
“Twitter” мен Tesla басшысы Илон Маск “Манчестер Юнайтедтің” сатылуына қатысты жағдайды бақылауында ұстап отыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “Daily Mail” басылымына сілтеме жасап.
Клубты сатып алуға ниетті үміткерлер қатарына өтінім қабылдау бүгін аяқталады. Ал ағылшындық ірі клубты сатып алуға қызығушылық танытып отырғандар арасында Сауд Арабиясының инвесторлары да бар.
Илон Маска бұған дейін де “Манчестер Юнайтедті” сатып алғысы келетінін айтқан, бірақ кейін бұның бәрі әзіл деген.
Кәсіпкердің қазіргі жағдайы 178 млрд еуроға бағаланады, ал “МЮ” жобамен 5 млрд еуродан сәл қымбат бағаға сатылады деп күтіліп отыр