“Барыс” тәрбиеленушісі атыраулық клубқа ауысты

“Барыс” тәрбиеленушісі атыраулық клубқа ауысты
Хоккей

Астаналық “Барыс” хоккей клубының тәрбиеленушісі Роман Калмыков “Бейбарысқа” ауысты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы атыраулық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қақпашы соңғы екі маусымда “Номад” сапында өнер көрсетті. Биылғы маусымда 14 матчқа қатысқан голкипер бір ойында өз қақпасына бірде-бір гол жібермеген. 

Сондай-ақ, Роман Калмыков Қазақстан жастар құрамасымен бірге әлем чемпионатының топ-дивизионында өнер көрсеткен.